Семей қаласында қолына пышақ ұстаған әйел көшеде өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан. |
«Азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер 34 жастағы азаматшаны ұстап, оны полиция бөліміне жеткізген», – делінген Абай облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.